Алдағы референдум – бұл халық билігінің жарқын көрінісі - сенатор
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сенаторлар кездесуге қатысушыларға еліміздің Негізгі Заңына енгізуге ұсынылған түзетулер туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Депутаттар Конституцияны өзгерту туралы шешімнің еліміздің әрбір азаматы өз таңдауын жасай алатын жалпы республикалық референдумда қабылдануы маңызды екенін ерекше атап өтті.
«Алдағы референдум – бұл халық билігінің жарқын көрінісі, әрбір қазақстандық өзінің азаматтық ұстанымын білдіру арқылы жаңа Қазақстанды құруға қосқан нақты үлесін көрсетеді», - деп атап өтті сенатор Әли Бектаев.
Депутаттар кездесуден кейін жоғарғы оқу орнының материалдық-техникалық базасымен және студенттерді оқыту процесімен танысты.