Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында ҚР Президентінің Жолдауына қатысты негізгі ережелерге тоқталған палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мемлекет басшысы құқық қорғау жүйесін реформалауға айрықша көңіл бөліп отыр. Енді, азаматтардың, заңды тұлғалар мен шетелдік инвесторлардың сенімі - құқық қорғау органдарының қызметін бағалаудың басты көрсеткіші болмақ. Елбасы салада орын алып отырған кемшіліктерді атап өткені белгілі. Сондықтан алдағы реформа әрбір құқық қорғау органдарының құзыретін нақты айқындауы тиіс. Бұл бағытта бізді ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Ең бастысы, заңдарды гуманизациялау мен олардың сапасын арттыру қажет. Ал олардың орындалуы үнемі парламенттік және қоғамдық бақылауда болғаны абзал», деді Қ. Тоқаев.