«Парламент ұсынысымен өткелі тұрған сайлау ұлтымызды ұйымдастыруға да, елімізді дамытудың жаңа белесіне шығаруға да ықпал ететініне сенімдімін. Жүзеге асырылып жатқан бес институционалды реформа «100 нақты қадам» Ұлт жоспары жаңа орта қалыптастырады»,-деді Президент.
Елбасы бүгінде жаһандық дағдарыс өңірге теріс әсерін тигізіп отырғанын, осындай күрделі жағдайда тұрақтылық пен орнықты келісімді сақтау аса маңызды болып отырғанын атап өтті.
«Дәстүрлі түрде жыл сайынғы кездесуіміз өтуде. Біріншіден, бүгінгі біздің кездесуіміз Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесінің қарсаңында болып отыр. Екіншіден, 1992 жылы 2 наурыз күні Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі болып қабылданып, бүкіл дүниежүзілік сенімге ие болды. Осынау тарихи қысқа мерзім еліміз үшін ауқымды өзгерістер кезеңіне айналғанына барлықтарыңыз да куәсіздер. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның Ішкі жалпы өнімі 21 есе өсті, индустриялық бағдарлама аясында өңдеуші өнеркәсіпте 28 жаңа сектор құрылды, 900-ден астам индустриялық мекемелер іске қосылды»,-деді Мемлекет басшысы.