Алдағы сайлау науқанына республика бойынша барлығы 9,9 мың сайлау комиссиясы тартылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы сайлау науқанына республика бойынша барлығы 9,9 мың сайлау комиссиясы тартылады.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.

«Кеше Мемлекет басшысының 2015 жылғы 26 сәуірге Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлығы жарияланды. Сайлауды дайындап, өткізуді республиканың орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары жүзеге асырады. Алдағы сайлау науқанын өткізу барысында республика бойынша барлығы 9,9 мың сайлау комиссиясы тартылады», - деді ол.