Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Діндерді зерттеу орталықтары қауымдастығының директоры Юлия Денисенко мәлім етті.
«Соңғы президеттік сайлауда Қазақстан азаматтары дауыс беруге қатысу белсендігі бойынша өте жоғары нәтиже көрсеткені белгілі. Енді парламенттік сайлау айналысындағы белсенді талқылауларды ескере отырып, бұл тұрғыдағы көрсеткіштер де тиісті деңгейде болады деген ойдамын. Атап айтқанда, адамдар сайлауға қатысуды өздерінің саяси және азаматтық құқықтарын жүзеге асыру ретінде қабылдайды, бұл өз кезегінде елдің қоғамдық-саяси өмірінің серпіні болып табылады. Мерзімінен бұрын өтетін сайлау бүгіндегі жаһандық ахуал тұрғысында Қазақстан үшін оңтайлы өзгерістер мен елдің дамуына жаңа қарқын алып келетіні анық»,-деді Ю. Денисенко.
Осы орайда ол өткен аптада Мәжіліс депутаттарының ҚР Президентіне Мәжілісті мерзімінен бұрын тарату және кезектен тыс сайлау тағайындау туралы Жарлығын қабылдау туралы бастамасы алдағы терең реформалар мен әлемдік қаржылық нарықтардағы ахуалға байланысты өзекті болып отырғанын атап өтті.
«Сайлауды жылдың соңында емес, наурыз айында өткізу ең қолайлы әрі ұтымды шешім деп пайымдаймыз»,-деп түйді ол.