Алдағы сессия барысында депутаттар Елбасы Жолдауында жүктелген міндеттерге баса назар аударатын болады

АСТАНА. 8 ақпан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары Бесінші сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асырудың бірінші сессиясына арналған негізгі іс-шаралар  жоспарын бекітті.

Палата төрағасының орынбасары Сергей Дьяченконың айтуынша, іс-шаралар жоспары Елбасының Парламент сессиясын ашу барысында және ағымдағы жылғы Қазақстан халықына арнаған Жолдауында жүктеген міндеттерді ескере отырып, құрылған.  Бұл ретте іс-шаралар жоспарларында сессия барысында депутаттық корпустың тарапынан атқарылуы күтілетін аса маңызды, өзекті мәселелер қамтылып отыр. 

«Депутаттар тарапынан жасалған ұсыныстардың барлығы бірдей іс-шаралар жоспарында қамтылған жоқ. Дегенмен де, олардың басым бөлігі алдағы жұмыс барысында ескерілетін болады», - дейді С. Дьяченко.