Батыс Сібір арқылы белсенді циклондар бірінен кейін бірі алмасып жатыр. Соның салдарынан Қазақстанда кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ және 15-25 м/с дауылды жел тұрады деп күтілуде.
«Республиканың батысы мен солтүстігінде атмосфералық ағындардың өтуінен ауа температурасы нормаға жақын және төмен болады деп күтілуде. Ал қалған аумақта температура климаттық нормадан 4-7ºС жоғары болады. Қазақстанның оңтүстігінде алдағы тәуліктерде аптап ыстық, күндіз 33-39ºС, кей жерлерде 40-45ºС болады деп болжануда», - делінген хабарламада.
Астанада 22 маусым күні көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыс, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Температура түнде 14 16°С, күндіз 29 31°С.
23 маусым күні көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с дейін жетеді. Сынап бағанасы түнде 18 20°С, күндіз 26 28°С.
24 маусым күні көшпелі бұлт шығып, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Температура түнде 16 18°С, күндіз 25 27°С.
Алматыда 22 маусым күні көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жылдамдықпен жел соғады. Температура түнде 20 22°С, күндіз 32 34°С.
23 маусым күні көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. 10м/с жылдамдықпен жел соғады. Температура түнде 20 22°С, күндіз 31 33°С.
24 маусым күні көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Жел тұрады 2-7, жылдамдығы 10м/с. Температура түнде 20 22°С, күндіз 28 30°С.