Алдағы тәуліктерде ел аймақтарында күн суытады
00:56, 13 Тамыз 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Циклондар және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағы арқылы Алтайға қарай ығысуда.
Республикамыздың көптеген облыстарында осы циклонмен бірге жаңбыр жауып, найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ жауады. Сонымен қатар қатты ұйтқыма жел соғып, температураның төмендеуі күтілуде, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
13 тамызда оңтүстік облыстар, ал 14-15 тамызда оңтүстік-шығыс облыстар суық атмосфералық фронттар әсерінде болады. Сондықтан бұл жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, желдің күшеюі және температураның төмендеуі күтілуде.