Алдағы тәуліктерде еліміздің басым бөлігінде күн жылы болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 27-29 қазан аралығында еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы көтеріледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Батыстан шығысқа ауысып бара жатқан циклон қайтадан кей жерлерде жауын-шашын, желдің күшеюін тудырады.

Солтүстікте, шығыста және республиканың орталығында күндізгі температура 3 13оС дейін, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 15 23оС дейін көтеріледі, ал батыста керісінше температура 7 15-тан 0, 8оС дейін төмендейді.