Алдағы тәуліктерде еліміздің солтүстік өңірлерінде үсік жүреді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы тәуліктерде еліміздің бірқатар аймақтарында күн суытып, үсік жүреді, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінен.

«2 қыркүйекте түнде Ақтөбе, 2-3 қыркүйекте түнде Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 4 қыркүйекте түнде Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 1-3°C үсік күтіледі», делінген хабарламада.