Алдағы уақытта салынатын Үлкен Алматы айналма жолы ақылы болады

АЛМАТЫ. Маусымның 26-сы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алдағы уақытта салынатын Үлкен Алматы айналма жолы ақылы болады. Бұл туралы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жолы бойымен БАҚ шеруінің барысында ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов айтты.

«78 шақырымды құрайтын Үлкен Алматы айналма жолында көлік қозғалысы жиі. Сондықтан оған бюджеттен қаржы бөлінбей, концессиялық негізде салынады. Бұл жолдың әлеуеті инвесторлардың қаражатын қайтарып алуға мүмкіндік береді», дейді министр Әбілғазы Құсайынов. Оның айтуынша, құрылыс жұмыстарының нақты мерзімі белгісіз. Қазіргі кезде тек 18 миллиард теңгеге айналма жолын салуға қажетті қажетті жер телімдерін сатып алу көзделіп отыр.