Алдағы үш күнде аптап ыстықтың беті қайтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 28-30 шілде аралығына арналған ауа райы болжамы жарияланды. Қазгидромет мәліметінше, Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі метеорологиялық жағдай нашарлай бастаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұның себебі - республиканың аумағын ыстық оңтүстік пен салқын солтүстікке бөлген атмосфералық фронттар.

Біртіндеп жылжыған фронтттар елдің солтүстік жартысында, содан кейін шығысында, оңтүстік-шығысында найзағайға, желдің күшеюіне, кей жерлерде бұршақтың жаууына әкелуі мүмкін.

Мұның бәрі солтүстікте күндізгі ауа температурасының төмендеуіне және елдің оңтүстік жартысында ыстықтың бәсеңдеуіне ықпал етеді.

Күндізгі уақытта Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасы күндіз 20 30°С-тан 15 25°С-қа дейін, елдің орталығында 25 33 °С-тан 18 27°С-қа дейін, шығыс облыстарда аптап ыстық 25 35°С-тан 19 29°С -қа дейін төмендейді.

Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасы 30 39°С-тан 25 36°С-қа дейін сақталады.