Синоптиктердің болжамынша, 10 ақпанда көшпелі бұлт шығып, күндіз қар жауады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -14-16°С, күндіз -3-5°С болады.
11 ақпанда елордада ауа температурасы түнде -10-12°С, күндіз -3-5°С болады. Қар жауып, бұрқасын соғады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.