Осы күндері Қошқарбаев даңғылынан бастап көлік айрығына дейінгі учаскеде Арқар (М1) көпірінде маршруттық әдіспен орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты 29-30 тамыз аралығында автокөлік қозғалысы үшін көше ішінара жабылады.
«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін өз маршруттарын алдын ала жоспарлағаны жөн. Келген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстары жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», – деп ескертеді көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.