«Антициклонның артынан Поволжья аудандарынан және Каспий теңізінің оңтүстігінен атмосфералық фронттары бар циклондар жылжи бастайды. Осының салдарынан әуелі батыс өңірлерде және одан кейін оңтүстік, орталық және солтүстікте жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады. Температура сәл ғана төмендейді, бірақ нормадан 2-7º жоғары деңгейде сақталады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.