«Алдағы үш күнде республиканың көп бөлігінде жауын-шашынды бұлыңғыр ауа райы сақталып, солтүстік жартысында негізінен қар, боран соғып, желдің күші 15-20м/с жетіп, көктайғақ болады, оңтүстігінде - жаңбыр жауып, таулы және тау бөктері аудандарына сулы қар түсіп, тұман басады. Температура төмендейді, бірақ әдеттегідей нормадан жоғары болады», - деп жазылған хабарламада.
12:33, 14 Наурыз 2016
Алдағы үш күнде елімізде жауын-шашынды ауа райы сақталады - Қазгидромет
АСТАНА. ҚазАқпарат - 15-17 наурыз күндері республикамызда жаңбыр, кей аймақтарда қар жауады деп болжануда. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.