Алдағы үш күнде еліміздің аймақтарына қар жауып, бұрқасын болады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы 3 тәулікте, 27-29 желтоқсан аралығында Қазақстанда қар жауып, көктайғақ болып, бұрқасындатады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

«Биылғы жылдың соңғы күндеріндегі ауа райына оңтүстік циклон ықпал етеді. Республикадағы облыстардың көпшілігінде қар жауып, бұрқасын болып, ауа температурасы көтеріледі. Оңтүстікте көктайғақ болады»,-делінген хабарламада.

Алайда, 28 желтоқсанда Қазақстанға циклонның артынан антициклон келеді. Антициклонның ықпалынан 29 желтоқсанда күн біршама суыта бастайды. Ол әсіресе елдің солтүстік және шығыс бөлігінде айқын сезіледі.