«Биылғы жылдың соңғы күндеріндегі ауа райына оңтүстік циклон ықпал етеді. Республикадағы облыстардың көпшілігінде қар жауып, бұрқасын болып, ауа температурасы көтеріледі. Оңтүстікте көктайғақ болады»,-делінген хабарламада.
Алайда, 28 желтоқсанда Қазақстанға циклонның артынан антициклон келеді. Антициклонның ықпалынан 29 желтоқсанда күн біршама суыта бастайды. Ол әсіресе елдің солтүстік және шығыс бөлігінде айқын сезіледі.