Алдағы үш күнде еліміздің батысы мен солтүстігінде күн суытады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алдағы күндері еліміздің батысы мен солтүстігінде күн суытады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Суық ауа массалары бар солтүстік-батыс антициклоны салдарынан республикамыздың батысында және оңтүстігінде ауа температурасы төмендейді.

17-18 ақпанда Түркіменстандағы Оңтүстік циклон оңтүстік-батыс бағытта қозғалып, Қазақстанның солтүстік аймағының орталық және оңтүстік бөлігіне ауысады.

Жаңбыр, қар жауып, елдің солтүстігі мен батысында қарлы боран болады.

Республикамыздың кей жерлерінде тұман, көктайғақ және желдің күшеюі байқалады.