Алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы қалай болмақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сібір антициклонының ықпалымен Қазақстанның температуралық режимінде айтарлықтай өзгерістер болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«Еліміздің солтүстігінде аздаған қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейіп, жаяу бұрқасын болады», - делінген хабарламада.