Синоптиктердің болжауынша, Солтүстік Атлантика мен Жерорта теңізінен Қазақстанға келетін циклондардың әсерінен республика аумағында алдағы үш тәулікте күрделі метеорологиялық жағдайлар сақталады.
«Солтүстік облыстарында әдеттегідей қар борайды, жол көрінісі 200-500 м, 15-20 м/с жылдамдықта жел ұйытқиды. Оңтүстік және батыс облыстарда жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады. Тұман түсіп, жол көрінісі 100-500 метрі құрайтын болады әсіресе, тау асуларында өте қауіпті. Ауа температурасы әдеттегі климаттық нормадан 4-8ºС жоғары болмақ», - делінген хабарламада.