Алайда алдағы тәуліктерде Поволжья аудандарынан ауысқан циклон Қазақстан аумағы арқылы шығысқа қарай жылжитын болады. Синоптиктер осы циклонның әсерінен кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркіреп, найзағай ойнайды; желдің күші 17-22 м/с-ға жетеді деп болжауда.
Циклонның тылына тау тарамы жағынан суық антициклон таралып, соның ықпалынан республиканың солтүстік бөлігінде ғана емес, оңтүстігінде де ыстық едәуір басылады.