Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік антициклонның ықпалымен күн ашық болады, түнде оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 1-7 градус үсік жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, 4-6 мамырда батыста, шығыста және оңтүстік-шығыста атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады – батыста жаңбыр жауып, 4-5 мамырда қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ түседі. Шығыста, оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда түнде қар аралас жаңбыр, күндіз жаңбыр жауады.

Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.