Алдағы үш күнде Қазақстанның солтүстігінде 20º дейін аяз болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның солтүстік бөлігіне нағыз қыс келді.

«Қазгидромет» РМК хабарлағандай, 17-19 қарашада бұл аймақта атмосфералық фронттардың және Сібір антициклонының ықпалымен 20 градустық аяз болуы ықтимал. Әзірге өзгерістер күтілмейді.

Каспий теңізінің оңтүстігінде республиканың оңтүстік аудандарына ығысатын циклон қалыптасады. Сондықтан мұнда жауын қарға ұласып, жел жылдамдығы 15-25 м/с дейін күшейеді, түнде сынап бағанасы шамамен нөл градусты, кей жерлерде 5º аязды көрсетеді.