Алдағы күндері антициклонның әсерінен Қазақстан Республикасының оңтүстік жартысында жауын-шашын тоқтайды. Ал елдің солтүстік бөлігінде найзағай жарқылдап, жаңбыр және бұршақ жауады.
Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Үшінші күні республикада ауа температурасы айтарлықтай жоғарылайды.