Алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде күн суытады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы өзгеріп күннің суытуы күтіледі, көптеген аймақтарда жел күшейіп, жауын-шашынды болады, батыс, солтүстік және орталықта қарға ұласып, таңғы сағаттарда тұман түседі.

Қазгидрометтің хабарлауынша, түнде солтүстік өңірлерде 0-5 жылыдан минус 3-11 аязға дейін, оңтүстіктің кей жерлерінде -5 аязға дейін суытады.

Ал күндіз батыста 0+5, кей жерлерде +8+13°С дейін, солтүстік, шығыс және орталықта -5+2°С дейін; оңтүстік және оңтүстік-шығыста +2+12°С аралығында болады.