«Қазақстан үстіндегі тропосферадағы ауа ағынының жылдамдығы (5 км шамасындағы биіктікте) 60-80 км/сағ жетіп, бұл атмосфералық процестердің тез ауысуына апарып соқтырады. Таяу арадағы тәуліктерде суық фронт солтүстіктің, орталық және шығыс облыстарының ауа райына әсерін тигізіп, кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркіреп, екпінді жел соғады. Батыс облыстардың ауа райына антициклон әсер етіп, кейіннен ол республиканың қалған аумағына ауысады. Ал батыс облыстарға 1 қыркүйекте Ресейдің Еуропалық аумағынан кезекті атмосфералық фронт жылжып келіп, соның салдарынан кей жерлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді. Қазақстанның көп бөлігінде ауа температурасы нормадан 2-4ºС жоғары, ал солтүстік облыстарда нормаға жуық болады», - деп жазылған хабарламада.
13:25, 29 Тамыз 2016
Алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 30 тамыз - 1 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.