Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлайды.
«Республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандары, циклонмен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінде болады. Шығыс жаққа ығысқан олар, кей жерлерге найзағайлы, өткінші жаңбыр әкеледі, аптап ыстықтың беті қайтқанымен, температура климаттық нормадан әлі де жоғары болады. Тек батыста ғана ауа райы жауын-шашынсыз және өте ыстық болады. Термометрдің күндізгі көрсеткіші плюс 30-38º болады, кей жерлерде 41ºС-ға жетеді», делінген хабарламада.