Алдағы үш күнде жылы ауа райы сақталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атлантикалық циклонның ықпалымен және атмосфералық фронттардың әсерінен алдағы күндері республиканың басым бөлігінде, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр жауады.

Түнгі уақытта Қазақстанның солтүстік жартысында жаңбыр мен қар жауады.

Қазақстан бойынша жел күшейеді, батыста, шығыста, елдің оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда тұман түседі.

Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы:

- батыста, солтүстік-батыста түнде 3-8-ге дейін, күндіз 10-20-ға дейін;

- солтүстікте түнде 2-7-ге дейін, күндіз 7-12-ге дейін;

- елдің орталығында 3-8 жылыға дейін, күндіз 5-19 жылыға дейін жоғарылайды;

- шығыста түнде 5 градус аяз – 5 градус жылыдан 0-8 градус аязға дейін жоғарылайды, күндіз негізгі фон 5-13 градус жылы;

- оңтүстікте түнде 2-7-ге дейін, күндіз 10-20-ға дейін;

- оңтүстік-шығыста түнде 5 градус аяз - 5 градус жылы, күндіз 5-15 градус жылыға дейін төмендейді.