Алдағы үш күнге ауа райы болжамы: Солтүстік өңірде күн күркіреп, жауын жауады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер алдағы үш күнге жасалған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«Суық атмосфералық фронт өткеннен кейін Қазақстанның солтүстік бөлігінде кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауып, түнде 5...10, күндіз 22...27 градусқа дейін жылы болады. Республиканың оңтүстігінде ыстық ауа райы сақталады, бірақ мұнда найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жаууы ықтимал» делінген «Қазгидромет» хабарламасында.