«Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым өңірлерінде атмосфералық қысым жоғары болып, жауын-шашын болмайды. 13 мамырда солтүстік өңірлерде, ал 13-15 мамырда республиканың шығысында өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, желдің жылдамдығы секундына 15-20 м дейін жетеді», - делінген хабарламада. «Қазгидромет» атап өткендей, Қазақстанның батысында күн ыстық болады. Ауа температурасы мұнда 30-38º, солтүстікте, орталық пен оңтүстік-шығыста 22-32º С дейін ыстық, ал оңтүстікте ауа температурасы 27-35º нөлден жоғары болады. Республиканың шығыс аймағында ғана жаңбырдың жаууына байланысты ауа температурасы сәл төмен, 15-25º болады.
09:46, 13 Мамыр 2014
Алдағы үш тәулікте елімізде күн ыстық болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда ауа райы ашық болады деп күтілуде. Елдің солтүстігі мен шығысында ғана 13 мамырда өткінші жаңбыр болуы мүмкін, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.