Бұл туралы «Қазгидрометтен» хабарлады.
Фронтальды бөліктердің өтуімен оңтүстікте және оңтүстік-шығыста кей жерлерде нөсерлі жаңбыр сақталады.
Республиканың батысында және солтүстік бөлігінде күндіз температура бағамы 10-20 градусты көрсетеді, орталық және шығыс аймақтарда 13-23 градус жылы болады.
Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста бұлтты ауа райы салдарынан және кей жерлерде қатты жауын-шашынның болуынан температураның біртіндеп төмендеуі күтіледі, ауа бағамы 16-25 градусты көрсетеді