«Аптаның басында құбылмалы ауа райы Қазақстанның көптеген өңірлерінде байқалатын болады. Бұған циклон және онымен байланысты фронтальды бөліктер ықпал етеді. Найзағайлы және екпінді желді жаңбыр жауады, сондай-ақ ауа температурасы күндіз 15…23-тен 8…16 жылыға дейін төмендеуі күтіледі. Республиканың тек оңтүстік және оңтүстік-шығысына жылы оңтүстік ауа келуін жалғастырып, мұнда күн шуақты, құрғақ және өте жылы болады», делінген хабарламада.
18:32, 20 Сәуір 2020
Алдағы үш тәулікте Қазақстанда күн суытады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер 2020 жылғы 21-23 сәуірге арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды Қазгидромет.