Алдағы үш жылда 66 коммерциялық ЖОО-ның 36-сы жабылады - Үкімет отырысы

None
АСТАНА. 26 наурыз. ҚазАқпарат - Коммерциялық жоғары оқу орындары үш жылдың ішінде 66-дан 30-ға дейін қысқарады.

Бұл туралы бүгін селекторлық тәртіптегі Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

«Елбасының тапсырмасы бойынша жоғары оқу орындарын оңтайландыру жүргізілуде. Қазіргі уақытта олардың саны 149-дан 136-ға дейін қысқартылды. Тәжірибе көрсеткендей, коммерциялық жоғары оқу орындарының көпшілігі білім беру сапасы жағынан сын көтермейді. Сондықтан, таяудағы үш жыл ішінде олардың санын 66-дан 30-ға дейін қысқарту жоспарлануда», - деді министр.

Сөз соңында ол жоғары оқу орындарына қойылатын талаптарды ескере отырып, бұл іске ведомство өте жауапты қарайтындығын жеткізді.