Алдағы үш жылда ел аумағында 304 жабдықталған әжетхана орнатылады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2019-2021 жылдары Қазақстан аумағында 300-ден аса жабдықталған әжетхана орнатылады. Бұл туралы «Қазавтожол» акционерлік қоғамы бизнесті дамыту департаментінің директоры Рустам Исаев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында мәлім етті.

«Биыл республикабойынша 53 жабдықталған әжетхана орнату жоспарланып отыр. Ал алдағы 3 жылда елаумағында 304 әжетхана орнатылатын болады. Әрине сұраныс одан да көп. Қазіргіел көлемінде далалық аймақтар мен жол бойында 800-ге жуық жабдықталмағанәжетхана бар, яғни оларда ешқандай жағдай жасалмаған. Одан бөлек, тағы 800-гежуық жеке сектор аумағындағы әжетхан бар. Ол жол бойында орналасқан жанармайбекетінің, дәмханалар мен демалыс орындарының әжетханалары. Жаңа әжетханалардыорнату бойынша алдымен инвестициялық байқау өткіземіз, оның жеңімпазыәжетханаларды орнату бойынша ғана емес оның қызметі мен жұмыс істеу сапасынажауап беретін болады», - деді Рустам Исаев.

Оның айтуынша,жабдықталған әжетханалар республикалық маңызы бар тас жолдардың бойы ментуристік нысандардың маңайында орнатылатын болады. Және олардың бәрінің бағасыбіркелкі болады.

«Жоспар бойыншареспубликалық маңызы бар тас жолдар бойында әр 50 шақырым сайын әжетханаорнатуды көздеп отырмыз. Негізінен жабдықталған әжетханаға оңтүстік өңірде,атап айтқанда Түркістан облысында сұраныс жоғары. Жалпы бұл жобаны біз өткенжылы қолға алған болатынбыз. 2018 жылы ел аумағында 12 жабдықталған «KazWay»павильоны орнатылып, бүгінде олар жұмыс істеуде», - деді ол.

ҚазАвтоЖол өкілініңмәлімдеуінше алдағы уақытта орнатылатын жабдықталған 1 әжетхананың құны 16-20млн теңгені құрайтын болады.

«Бұған дейінорнатылған «KazWay» павильонының беруінің құны 23 млн теңге тұратын. Ендігітұрғызылатын бір әжетхананың құны 16 мен 20 млн теңгенің аралығын құрайтынболады. Себебі, кейінгілерінде сауда алаңы болмайды. Дегенмен инсвесторларқосымша табыс табу үшін сауда алаңын ұйымдастыратын боламыз деген ұсынысбілдірді», - деп түсіндірді департамент басшысы.

Соңғы жаңалықтар