Алдағы үш жылда ірі қалаларда баспана салуға қосымша 90 млрд теңге бөлінеді

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019-2021 жылдары Қазақстанның ірі қалаларында баспана салуға қосымша 90 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Баспанаға мұқтаждық - әлемнің ірі қалаларында да бар мәселе. Мексика мен Үндістанда болғандар біледі. Адамдар жұмыс үшін ағылып келеді, ал баспана жоқ. Мемлекет те бәріне бере бермейді. Сондықтан, Қазақстандағы ірі қалалар үшін 2019-2021 жылдары қосымша 90 млрд теңге бөлінеді», - деді Президент Астанадағы «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде.

Сонымен бірге, Президент кіші және моноқалаларды дамыту үшін де жылына 10 млрд теңгеден үш жыл бойы қосымша қаражат бөлінетінін хабарлады.