Алдағы үш жылда «Самұрық-Қазына» компаниялары 600-ден 300-ге дейін қысқарады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы үш жылда «Самұрық-Қазына» компаниялары 600-ден 300-ге дейін қысқарады. Бұл туралы КТК телеарнасының «Халық қызметшісі» бағдарламасына сұхбат берген «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.

Ө.Шөкеевтің айтуынша, холдинг қарамағындағы барлық активтер тексеріліп, оңтайландырылады және қайта құрылымданатын болады.

«Бізде 600 компания бар. Таяу 3 жылдың ішінде біз оларды 300-ге дейін қысқартуға тиіспіз. Онда құнды компаниялар да бар. Біз оларды нарыққа шығарып, жақсы бағаға сатқымыз келеді», деді ол.

Қор басшысының атап өтуінше, холдингтегі басқару деңгейі де барынша қысқартуға ұшырайтын болады.