Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Ұлттық тауар өткізу жүйесін құру жөніндегі жобаны іске асыру халықтың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу шығындарын 10-15%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік беретінін мәлімдеді.
«Жалпы, 24 КТО-дан тұратын жобаны іске асыру қорытындысы бойынша экономикалық тиімділік 1,2 трлн. теңгені құрайды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жеміс-көкөніс өнімінің өнімділігі жылына 460,0 мың тонна немесе 23,0 млрд. теңгеге дейін ұлғаяды», - деп хабарлады Б. Сұлтанов.
Сауда және интеграция министрінің айтуынша, ҰТЖ құрылғаннан кейін егін шыққаннан кейінгі кезеңде өндірушілердің шығындарының қысқаруы шамамен 350,0 мың тонна көкөніс өнімдерін, жылына 13,3 млрд.теңге сомасын құрайды.