АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - 1 қазандағы жағдай бойынша еліміздегі халықтың саны 16 млн. 856 мың адамды құрады. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов осылай айтты.
Демографиялық ахуалға тоқталған агенттік басшысы, осы үрдіс сақтала берсе, алдағы жылдың сәуірінде еліміздегі халық саны 17 миллионға жетеді деген болжам бар екенін айтып өтті.
Бұдан бұрын хабарланғандай, жыл басымен салыстырғанда жалпы еліміз бойынша халық саны 181,2 мың адамға немесе 1,1 пайызға артты.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.