Алдағы жылы 2026 астаналық үлескер баспаналы болады

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС бас директоры Руслан Кадесов 2023 жылы 2026 астаналық үлескердің пәтері қолданысқа берілетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2023 жылы туралы айтсақ, келесі жылы қалған 11 нысанды аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұл: «Триумф Сити», «Арыстан» (3 кезек), «Араби Гранитный», «Зере» «Алтын бұлақ», «Мирный дом», «Future Home», «Территория комфорта-1», «Жағалау-4»(№3 полигон), «Anisa» (2 кезек), «Садовые кварталы» (1 кезек). Бұл шаралар 2026 үлескерді қамтиды», - деді ол қалалық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында.

Сондай-ақ, ол астанадағы 1000 үлескердің үйіне «Центркредит» банкі қаржы салуға дайын екенін айтты.

«Центркредит банкімен келісім жасалғанын жағымды жаңалық ретінде айтқым келеді. Бұл жеке инвестордың 100 пайыз қаржысының есебінен үлескерлер проблемасын шешуге мүмкіндік береді. Осы келісімшарт аясында 1000 шақты адам бюджет қаражатынсыз өз пәтеріне кіре алады», - деді Руслан Кадесов.