«Болжамдар бойынша 2015 жылдың аяғына қарай электронды коммерция нарығының көлемі 3,6 млрд. долларға жетеді. Бұл өз кезегінде ритейлдің жалпы көлемінде 4 пайызды құрайды», - деді ол. Атап айтқанда, 2013 жылы Қазақстанда электронды коммерция нарығының көлемі 600 млн. долларға жуықтады. Осы көрсеткіш ритейлдің жалпы көлемінде 2 пайызға жуық.
14:44, 19 Мамыр 2014
Алдағы жылы Қазақстанда е-коммерция нарығының көлемі 3,6 млрд. долларға жетеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың аяғына қарай Қазақстанда электронды коммерция нарығының ауқымы 3,6 млрд. АҚШ долларына жетуі ықтимал. Бұл туралы бүгін Астанадағы ақпараттық технологиялардың ASTEX-2014 Халықаралық көрме-конференциясында «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Мирболат Аюпов мәлім етті.