Алдағы жылы қолдауға ие болатын жобалар саны артады - «Даму» қоры

None
АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгінде бағдарлама аясында субсидиялаумен 3 мың 300 компания қамтылды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Бизнестің Жол картасы 2020» бағдарламасының жүзеге асырылуына арналған брифингте «Даму» қорының басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлім етті.

Кәсіпкерлердің қолдауға ие болған жобалары санының өскеніне тоқталған ол, «Егер де 2010 жылы тек субсидиялаудың 135 келісімін бекіткен болсақ, ал соңғы екі жылда біз 1 300-ден субсидиялау келісімдерін бекітудеміз. 2014 жылы субсидияға ие болатын жобаларды жыл сайын 1,5 мыңға дейін арттыруды көздеп отырмыз»-деді.

Л. Ибрагимованың сөзіне қарағанда, бүгінде бағдарлама аясында субсидиялаумен 3 мың 300 компания қамтылды. Ал алдағы жылдың соңына қарай олардың саны 5 мыңға жетпек.