Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты құттықтай келе, Ресей Президенті 2013 жылғы белсенді бірлескен жұмыс Ресей мен Қазақстан арасындағы жан-жақты бағыттардағы қарым-қатынастарды дамытуға, сондай-ақ Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберіндегі экономикалық үдерістерді, Еуразиялық экономикалық одақты құруды жылдамдатуға ықпал еткендігін атап өтті.
Ресей мемлекетінің басшысы келе жатқан жылда да Ресей мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің барлық кешенін нығайту, күн тәртібіндегі өңірлік және жаһандық өзекті мәселелерді шешу барысында өзара сындарлы іс-қимылды кеңейту жөніндегі жұмыстың өз жалғасын табатындығына күмәнданбайды.