Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай мәлім етті.
«Осы жылы 31 томдық салааралық терминологиялық сөздіктің алғашқы 10 томы бойынша жұмыстар атқарылып, келер жылдың басында жарыққа шығады деп жоспарлап отырмыз», - деді ведомство басшысы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің алқа мәжілісінде.
Айта кетейік, аталған алқалы жиынға ҚР Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед қатысты.