Еске салайық, брифинг 2014-2015 жылдардағы күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындық барысына арналған болатын.
Вице-министрдің сөзіне қарағанда, бүгінгі күні жергілікті атқарушы органдар жылыту маусымына қатысты мақсат, міндеттерін толық біледі. «Күзгі-қысқы жылыту кезеңіне өту үшін олар энергетикалық кешен кәсіпорындарының жалпы дайындығын қазанның 1-іне дейін 100 пайызға жеткізулері керек», - дейді Б. Жақсалиев. Оның сөзіне қарағанда, қысқы жылытуға қатысты біршама пробл е малы орындар да бар, бұлар Семей мен Көкшетау энергокешендерімен байланысты.
«Алматы қаласында магистральды жылу желілерінде жөндеу жұмыстарының үлкен ауқымы жалғасып жатыр. Қабылданған шаралар сенімділігімізді арттыра түседі, жұмыстар өз уақытында аяқталып, қандай да бір ақаулар болады деп ойламаймыз. Дегенмен, Алматыда қысқы уақытта апаттық жағдайлар орын алу мүмкіндігін де жоққа шығарғымыз келмейді. Бұлар негізінен желілердің тозуымен байланысты»- деді вице-министр. Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі күні жылыту маусымына 3,6 млн тонна көмір, 105,3 мың тонна мазут дайындалған. «Бұл біздің сенімділігімізді нығайтып, қандай да бір катаклизмдер болмайтынына сендіре түседі. Әрбір станса отынның нормативтік қорымен қамтамасыз етілген», - деді Б. Жақсалиев.