Алдын ала болжам бойынша, Қырғызстанда болған жойқын зілзаладан қаза тапқандар жоқ

БІШКЕК. 21 шілде. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Қырғызстанның бірінші вице-премьер-министрі Өмірбек Бабанов елдің төтенше жағдайлар министрі Болотбек Бөрбиевке жағдайды өз көзімен көріп,

табиғи апаттан зардап шеккендерге қажетті барлық көмек көрсету үшін жер сілкінісі болған Баткен ауданына баруды тапсырды.

Қырғыз Республикасы сейсмология инстиутының мәліметінше, 2011 жылдың 20 шілдесі күні түнгі сағат 01.35-те Баткен облысының аумағында 7-8 баллдық жер сілкінісі болған.

Жер дүмпуінің күші Советский кентінде 7-8 балл, Баткен қаласында 6 балл, Қызыл-Қия, Нооқат қалаларында 5,5 балл, Ош қаласында 5 балл, Таш-Құмыр қаласында 3-4 балл, Бішкек қаласында 2-3 балл болған.

Алдын ала ақпарат бойынша, халық арасында қаза тапқандар жоқ. Қазіргі таңда Баткен облысы, Қадамжай ауданының азаматтық қорғаныс жөніндегі комиссиялары ТЖМ жедел топтарымен бірге жер сілкінісінен құлған ғимираттардың қирау деңгейін анықтауда.