Мәліметтер тексеріліп жатыр. Бұл туралы ҚР СІМ Твиттердегі парақшасында хабарлады.
Айта кетейік, Түркия билігі жұма күні кешке елде әскери төңкеріс жасау әрекеті болғандығын хабарлаған болатын. Ел президенті Ердоған бұны шағын бүлікшіл топ ұйымдастырып отырғанын айтып, халықты бүлікшілерге қарсылық көрсетуге шақырды. Соңғы мәліметтер бойынша оқиға салдарынан кем дегенде 60 адам қаза тапқан.
Түркиядағы ҚР Елшілігінің мәліметінше, курортты қалалардағы жағдай тұрақты, әйтсе де демалушы қазақстандықтарға қонақүйден шықпауға кеңес берілді.
ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, Түркиядағы қазақстандықтар үшін жедел желі телефондары жұмыс жасауда.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайларда Қазақстанның Түркиядағы дипломатиялық және консулдық мекемелерінде ашылған «жедел телефон желісіне» хабарласуға болады:
- ҚР Елшілігі (Анкара қ.): 90-533-600-6092,
- ҚР Бас консулдығы (Ыстанбұл қ.): 90-542-471-2211,
- ҚР Консулдығы (Анталья қ.): 90-535-418-3532.