Алехандро Джамматтеи Гватемаладағы президенттік сайлауда жеңіске жетті

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Алға» оңшыл центристік партиясының жетекшісі Алехандро Джамматтеи Гватемаладағы президенттік сайлауда 59% дауыс жинады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters-ке сілтеме жасап.

Оныңқарсыласы, «Ұлттық үміт одағы» социал-демократиялық партиясының атынан шыққанСандра Торрес 40% жоғары дауыс жинады.

Айта кетсек,11 тамыз күні Гватемада президенттік сайлаудың екінші кезеңіөтті. Алехандро Джамматтеи сайлауға төртінші рет қатысты. Ұйымдасқан қылмыспен, заңсызкөші-қонды азайту және сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін өлім жазасын қайтарутуралы мәлімдемелер оның негізгі саяси ұрандарына айналды.