Алек Болдуин түсірілімде атып өлтірген оператор: Фильмнің реквизиторы кінәлі деп танылды

Фото: Фото: Euronews

АСТАНА. KAZINFORM - «Тот» фильмінің реквизиторы Ханна Гутьеррес-Рид түсірілім алаңындағы оператор әйел Галина Хатчинстің өліміне кінәлі деп танылды. Түсірілім кезінде қару-жараққа Гутьеррес-Рид жауапты болған, ал сот алқасы ол бос патрондардың арасында атыс патронының болуына кінәлі деген қорытындыға келді, деп жазады ВВС.

Украиналық оператор Галина Хатчинс 2021 жылдың қазан айында АҚШ-та «Тот» фильмін түсіру кезінде мерт болды.

Фильмнің басты рөлін ойнаушы әрі продюсері Алек Болдуин револьвермен қозғалысты қайталап жатып, шүріппені басқанда, қару оқтаулы тұрғаны белгілі болды. 

Оқ Хатчинсті өлтіріп, фильмнің режиссері Джоэл Соузаны жаралады.

Алек Болдуин де адам өлтірді деген айыппен сот алдында жауап береді.

Реквизитор ісіне қатысты үкім оны қорғауға көмектесуі мүмкін: оның адвокаттары жауынгерлік оқ түсірілім алаңына Гутьеррес-Ридтің кінәсінен келгенін айтып, клиенттерінің бұл істен бейхабар екенін алға тарта алады.

Ханна Гутьеррес-Рид үш жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айыптаушы тарап сотта оның Нью-Мексикодағы түсірілімге үйден өзімен бірге жеке оқ-дәрі қорабын алып кеткенін және бұл патрондар кездейсоқ түсірілімге қажетті оқтармен араласып кеткені туралы дәлелдер келтірді.

Нәтижесінде, прокурордың мәлімдеуінше, Гутьеррес-Ридтің немқұрайлығы мен жауапсыздығы салдарынан оқ камера алдында дайындық жасап тұрған Алек Болдуин қолындағы реквизитті револьверден табылды.

Сот алқасы үш сағат талқылап, үкім шығарды.

Хатчинс қайтыс болғаннан кейін «Тот» фильмінің түсірілімі тоқтатылды. Бірақ өткен жылы фильмнің командасы оны Галинаны еске алу үшін аяқтауды ұйғарып, оның жесірі Мэттью Хатчинсті атқарушы продюсер ретінде шақырды.