Бапкерлік жолын Александр Бородюк 2001 жылы «Крылья Советов» командасынан бастады. 2002 жылы ол Ресей құрамасының бапкерлерінің бірі болды. Ал 3 жылдан кейін Ресейдің жастар құрамасының бас бапкері атанды. Дегенмен басты құрамадағы қызметін тоқтатпады, онда аға жаттықтырушы болған.
2013 жылы Александр Бородюк мәскеулік «Торпедоның» бас бапкері болып, команданы Ресейдің Премьер-лигасына алып шықты.
Ресей құрамасынан Фабио Капелло кеткеннен кейін Александр Бородюк бұл қызметке үміткерлердің бірі болды.
«Қайратта» еңбек шарты бойынша Александр Бородюк 3 жыл бойы бас бапкер міндетін атқарады.